Қызылордалық Ғазиза Рысқұлова табиғатының нәзіктігіне қарамай, ер азаматтармен үзеңгілесіп келеді. 17 жылдан бері дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін ол бүгінде қала орталығындағы жаңа стадионның құрылысына атсалысуда. Бұған дейін де маңызды газ құбырларын тартуға үлес қосқан. Жұмысына әбден төселген ол 2004-2007 жылдары оқып, арнайы білім алыпты. Содан бері табан аудармай саланың ыстық, суығына шыдап келеді. Жұмысындағы жалғыз әйел дәнекерлеуші болғанымен, әріптестерінің сенімі мен сый-құрметі ерекше екенін айтады. Отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Ал бұл мамандықты жас кезінде қажеттіліктен таңдағанын жасырмайды.
ҒАЗИЗА РЫСҚҰЛОВА, ДӘНЕКЕРЛЕУШІ:
Әкемнен ерте қалдым. Мамамның да жұмысы бір болып, бір болмай отбасы жағдайына байланысты да осылай тез оқып, айлық көп табатын жүмыс деп осы мамандықты таңдаған себебім бар. Күн ыстығы, салқыны, сондай кедергісі болмаса былай жұмыстың қиыны жоқ бірген адамға.
М. Тоқтасынқызы