$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге анықтама апарудың қажеті жоқ

05.03.2025ж. 20:00
175
Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге анықтама апарудың қажеті жоқ

Әскерге шақыру келсе, оқу орнынан анықтаманы апару үшін енді военкоматқа барудың қажеті жоқ. Бұл – көктемгі әскерге шақыру науқанының басты жаңалығы. Цифрландырудың арқасында азаматтардың да, өзіміздің де уақытымызды үнемдейміз, - дейді мамандар. Айта кетейік, биыл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мерзімді әскерге шақырылатындардың саны 1896 адамға артады. Осылайша, бір ғана көктемгі әскерге шақыру кезеңінде 20 мыңнан астам адам борышын өтеуге аттанады. Естеріңізге сала кетсек, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурыз бен 30 мамыр аралығында жалғасады.

ҒАНИ АРТЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұрынғыны айтатын болсақ, әр адамның үйіне барып, шақыру қағазын ұсынып, болмаса ол азаматтың оқу оқып жатқанын білместен қағаз анықтаманы күтіп отыратын болсақ, қазір ақпараттық шлюздер арқылы қай оқу орнында қай азамат оқып отырғанын дереккөздерден көріп, автоматты түрде әскерге шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігі туып отыр.