Қызылжарда тұратын соғыс ардагері Валентина Волкодав 103 жасқа толды. Қарт майдангерді облыс әкімі мен ұлттық ұлан академиясының өкілдері құттықтады. Қарияның құрметіне үйдің ауласында оркестр ән шырқады.
Валентина Волкодав 19 жасында майданға аттанған. Беларусь және Украина жерінде көпір салу жасағында қызмет етті. Артынша сол кездегі Целиноград қаласында керамика зауытында есепші болып жұмыс істеген. Ал Петропавлға қоныс аударғанына 30 жылдай болыпты. Қазыналы қария екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 3 медаль мен бір орден алған.
ВАЛЕНТИНА ВОЛКОДАВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:
Маған ұзақ жылдар тілеп жатыр. Менің жасым онсыз да біразға жетті. Құттықтап жатқан барлық азаматқа алғысым шексіз. Барлықтарыңа өмірден ләззат алып, тек жақсылық болсын деп айтамын.
А. Курманкин