$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Ақмола гарнизонының әйел-әскери қызметшілері шеруге дайындалып жатыр

05.03.2025ж. 20:00
250
Ақмола гарнизонының әйел-әскери қызметшілері шеруге дайындалып жатыр
Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде өтетін шеруге Ақмола гарнизонының  әйел-әскери қызметшілер әскери бөлімі  қарқынды дайындалып жатыр. Олар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж базасында  наурыз айының соңына дейін шынығады.Апта сайын бөлімшелер саптық дайындықты жетілдіреді, қимылдардың синхрондылығы және жауынгерлік тәртіпті пысықтайды."Біз үшін бұл тек абырой   емес, сонымен қатар әйелдердің елдің қорғаныс қабілетіне қосқан Күшін, табандылығын және үлесін көрсету мүмкіндігі", дейді – қатардығылар.

ӘЛИЯ БОСТАНОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚОРҒАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ:

Бұл парадта біріншіден сапта түзелу, аяқ жаттығулары, қол, дене, иығымыздың тіке тұру жаттығуларынан өтіп жатырмыз. Менің борышым Қазақстан Республикасына адал қызмет ету. Бұл салаға келгеніме жарты жыл болды. Әскери мамандықты таңдағаным барлық халыққа, Қазақстанымызға адалынан қызмет еткім келеді