Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жантүршігерлік ауыр қылмыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілер 19 жастағы жігітті айдалаға апарып, күш көрсетіп, артынша өлтіріп кеткен.
Қаза тапқан жігіттің анасы қанды қылмыс 20 ақпанда болған деп отыр. 22 ақпанда марқұмның денесін ауыл шопаны тауып алған.
Ұлымды түнде түгілі, күндіз адам аяғы баспайтын жерге апарған. 14 рет пышақ сұққан, маңдайынан сүйменмен ұрған. Өйткені сүйегі сынып, із қалған, - дейді анасы Райхан Жамалова.
Шымкент әскери-тергеу басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жаға ұстатарлық қылмысқа күдіктілер арасында әскери офицер де бар. Ол қолға түсіп, қамалды.
Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікті Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-131-баптарына сәйкес анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жалғасуда, - деп атап өтті басқармадан.
Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғаға күдіктінің марқұмнан 280 мың теңге алғаны себеп болғандығы айтылған.
Қазіргі таңда оқиғаны тергеу-тексеру жұмыстары басталды.