Қостанай қаласындағы төтенше жағдай құтқарушылары тепловоздың жануын жедел сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.
112 кезекші пультіне Қостанай қаласының Киевская көшесінде орналасқан ұн өндіретін кәсіпорынның аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру жасақтары жеткен кезде металл ангарда дизель отынды тепловоз жанып жатты.
Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің көршілес қоймаларға таралуына жол берілмей, өртті тез арада оқшаулап, жою мүмкін болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттердің нәтижесінде оттан 200 тоннадан астам ұн құтқарылды.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.