Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматыда колония бастығының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пара алғаны үшін ЛА-155/13 минималды қауіпсіздік мекемесінің (колония-қоныс аудару) бастығының ұсталғаны туралы хабарланды.
Редакция ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін хабарласты.
«Ол адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болған жоқ. Оған қатысты құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізеді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты жәрдем көрсетеді», - деп хабарлады ҚАЖК.