$496.71 €531.33 ₽5.55
×

Оңтүстік Кореяның жойғыш ұшақтары қателесіп тұрғын үйді бомбалады

AstanaTV
06.03.2025ж. 12:41
96
Оңтүстік Кореяның жойғыш ұшақтары қателесіп тұрғын үйді бомбалады
Фото: wikipedia.org

Бейсенбі күні Оңтүстік Корея Әскери-әуе күштерінің екі KF-16 жойғыш ұшағы жауынгерлік жаттығулар кезінде полигон сыртына қателесіп сегіз бомба тастауы салдарынан жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

Биліктің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10 шамасында Сеулден солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Пхочхон қаласындағы үйдің маңында жолға снаряд түскені туралы ақпарат келген. Салдарынан жеті адам әртүрлі ауырлық дәрежесінде жарақат алған, шіркеу мен тағы алты ғимарат қирады.

Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендердің екеуінің ауыр жарақат алған, жарақат алғандардың көбінің сүйектері сынған.

Оқиға кезінде жүк көлігі де бүлінді.

Зардап шеккен жеті адамның барлығы медициналық көмек алу үшін ауруханаларға жеткізілді.

Әскерилер жауынгерлік жаттығуларға қатысқан KF-16 жойғыш ұшақтары таңғы сағат 10:04–те Пхочхон полигонының сыртына байқаусызда әрқайсы төрт МК-82 бомбасын тастаған. 

Әскери-әуе күштері оқиғаның тергеліп жатқанын мәлімдеп, бейбіт тұрғындардан келтірілген зиян үшін кешірім сұрады.

— Біз бомбалардың абайсызда лақтырылуы салдарынан бейбіт тұрғындарға келтірілген кез келген зиян үшін өкініш білдіреміз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз барлық қажетті шараны қолданамыз, соның ішінде келтірілген залалдың орнын толтырамыз, — делінген ВВС мәлімдемесінде.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.