$496.71 €531.33 ₽5.55
×

«СДУ-да оқыды»: Маңғыстауда жеті мұғалім ұсталды

AstanaTV
06.03.2025ж. 12:02
94
«СДУ-да оқыды»: Маңғыстауда жеті мұғалім ұсталды
coverФото: Pixabay

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы мектептерде жалған құжатпен жұмысқа тұрған мұғалімдер анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Маңғыстау облысының прокуратурасы жеті педагогтың кәсіптік қайта даярлау туралы жалған куәлікті пайдаланғанын әшкереледі.

Мысалы, олардың бірі – Алматы қаласындағы SDU университетінің атынан жасалған «Педагогика-логопедия» мамандығы бойынша жалған құжат ұсынып, педагог-психолог болып жұмыс істеген.

«Мысалы, «Ә» есімді педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қ.) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген. Ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды», деп мәлімдеді бас прокуратура.

Сот олардың барлығын ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі («Көрінеу жалған құжатты пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, айыппұл түрінде жаза тағайындады.