Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев АҚШ-та заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, заңсыз жүрген еңбек мигранттарының мәселесі АҚШ-тың әрі қарай жүргізетін саясатына қарай шешілмек.
АҚШ-тың миграциялық заңын бұзған Қазақстан азаматтары міндетті түрде елімізге қайтарылады. Олардың санын дәл қазір айта алмаймын. Бұл тұрғыда ақпарат алмасу жүріп жатыр. Нақты деректер болса, жарияланады. Атап айтқанда, адамдар бойынша есеп болуы мүмкін, бірақ нақты сан жоқ. Яғни кім және қашан, қандай депортацияға жататыны туралы дерек болмай тұр, - дейді Бақаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.