Астанада жүк көлігі кішкентай қызды қағып кетіп. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала жасыл жарық жанғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.
Астана ПД мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі Бейсекбаев көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, - дейді полицейлер.