$496.71 €531.33 ₽5.55
×

Павлодарда аула тазалаушы жарты жыл бойы көршісінен тамақ ұрлап жүрген

AstanaTV
06.03.2025ж. 15:50
94
Павлодарда аула тазалаушы жарты жыл бойы көршісінен тамақ ұрлап жүрген
Фото: жасанды интеллект

Күндізгі ұрлықтар ақыр соңында әшкере болып, сотта қылмыскер тағылған айыппен келісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында ҚР ҚҚ-нің 188-бабы 3-бөлімі 3-тармақшасы бойынша 33 жастағы ер адамға қатысты іс қаралды.

Аула сыпырушы Олжабай батыр көшесіндегі үйлердің біріне тұрады. ПИК-те жұмыс істеп жүріп, подъезд ішін жууға мүмкіндігі болған. Іс материалдарына сәйкес, былтыр маусым айында ол өзі тұратын үйінде есігі ашық болған көршісінің пәтеріне заңсыз кіріп, тоңазытқыштан 15 мың теңгелік вискиді ұрлаған. Бір ай өткен соң қылмысын қайталап, еден жууды сылтау етіп, дәл сол пәтерге кіріп, 24 сыра, екі бөтелке арақты, тамызда екі кофе, қыркүйекте шай, қазанда шұжық, шоколад қорабын, қарашада шарап ұрлады. Бүкіл әрекеттер күндізгі уақытта сағат 10-12:00 арасында жасалды. Жәберіленушіге келтірілген жалпы шығын сомасы 83 280 теңге болды. Ұры көршісіне залалын толық көлемде өтеген.

– Ер адам ҚК-нің 188-бабының 3-бөлімі 3-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, – делінген соттың үкімінде.

Айыпталушы тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайтын орындарда жыл сайын жүз сағат мерзімге, барлық көрсетілген жаза мерзіміне мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, пробациялық бақылау белгіленді.