Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда 16 мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтпей қалды

AstanaTV
14.06.2017ж. 20:00
3094
Атырауда 16 мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтпей қалды

Атырау облысында Б корпусының 16 мемлекеттік қызметкері аттестацияның әңгімелесу бөлімінен өтпей қалды. Олар қызметіне сай емес деп танылып, жұмыстарынан босатылған. Бұл туралы арнайы баспасөз жиынында белгілі болды. Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, бұл азаматтардың екеуі жергілікті, ал 14-і республикалық бюджет қаржыландыратын мекемеде қызмет еткен. Олардың дені облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары. Аттестациядан өтпей қалғандардың кейбірі шағым түсірген.

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігінің  облыстық департамент басшысы:

Оны тексеру барысында осының бәрін зерделейміз міндетті түрде. Барлығын заңға сәйкестігін қарастырамыз. Заңға сәйкес болса, тиісті жауабын береміз. Ал, заңға сәйкес келмейді, олардың құқықтары бұзылған деген болса, әрине, онда біз аттестациялық комиссияның шешімін бұзуға шаралар қабылдайтын боламыз.