$495.95 €535.28 ₽5.54
×

Каспий теңізі итбалықтарының резерваты құрылады

AstanaTV
06.03.2025ж. 23:15
86
Каспий теңізі итбалықтарының резерваты құрылады
Фото: Pixabay

Резерват Каспий итбалықтарының мекенін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті.

Бүгін елордада Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұйытқы болуымен су ресурстарын тұрақты басқару мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

— Каспий теңізі бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл бағытта Мемлекет басшысының бірнеше бастамасы бар. Бірінші бастама — резерват құру, оны Каспий теңізі итбалықтарының резерваты деп атаймыз. Ол резерват Каспий итбалықтарының мекенін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Каспий теңізін зерттеу ғылыми институт құрылды, одан бөлек қазір біз қосымша жобалар бойынша жеке талқылап, консультация жүргізіп жатырмыз. Аталған жобалар толық мақұлданған кезде қосымша ақпарат беріледі, — деді Зүлфия Сүлейменова дөңгелек үстел барысында агенттік тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.

Осылайша, Президенттің арнаулы өкілі Каспий теңізін сақтауға қатысты қосымша жобалардың қолға алынғанын растады. 

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.