Қарағанды облысының білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының прокурорлары қаладағы №33 балабақшаны тексере келе, есепшілердің 15 жылға созылған заңсыздығын анықтапты.
«Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», - деп хабарлайды прокуратура.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.