Жалғызілікті қарттарды қарақшылардан қорғау керек. Бүгін мәжілістің пленарлық отырысында осындай пікір айтылды. Оған Алматыда ұсталған қылмыстық топтың әрекеті түрткі болған. Қарақшылар төрт бірдей қарияны өлтіріп, үйлерін меншіктеп алған. Оларды ұрып-соғып, дүниелерін заңдастырған соң өлтіріп, мүрделерін жасырып келген. Қылмыстық топ қатарында бұрынғы полицей мен нотариустар да болған. Мұндай сұмдықты болдырмас үшін, мәжілісмен Кәрібай Мұсырман Үкімет басшысына сауал жолдады.
Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Жалғызбасты
қарт адамдар мен мүгедектердің мүліктері туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеу,
Ішкі істер министрлігі бұрынғы полицейлерді ұйымдасқан қылмысқа кіруге не
итермелегенін анықтауы және ондай шараларды болдырмауға ықпалды шараларды
қолдауы, сондай-ақ, жеке құрам арасында тәрбие жұмыстарын күшейтуі тиіс.