АҚШ-тың миграциялық заңын бұзған Қазақстан азаматтары міндетті түрде елге қайтарылады. Бұл туралы сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев мәлімдеді. Мұхиттың арғы бетінде нақты қанша отандасымыз заңсыз еңбек етіп жүргені белгісіз. Қазір ақпарат алмасу жұмыстары жүріп жатыр.
ӘЛІБЕК БАҚАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Нақты деректер болса, жарияланады. Атап айтқанда, адамдар бойынша есеп болуы мүмкін, бірақ нақты сан жоқ. Яғни кім және қашан, қандай депортацияға жататыны туралы дерек болмай тұр. Заңсыз жүрген еңбек мигранттарының мәселесі АҚШ-тың әрі қарай жүргізетін саясатына қарай шешілмек.