$495.95 €535.28 ₽5.54
×

Қазақстан мен Қатар іздеуде жүргендерді бір-біріне ұстап береді

06.03.2025ж. 20:00
50
Қазақстан мен Қатар іздеуде жүргендерді бір-біріне ұстап береді

Қазақстан мен Қатар енді екі ел арасында іздеуде жүрген күдіктілерді бір-біріне ұстап береді. Бүгін Сенатта осыған қатысты заң мақұлданды. Келісімге былтыр Доха қаласында қол қойылған. Құжат екіжақты халықаралық құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Сонымен қатар жоғарғы палата осы мемлекетпен арадағы құқықтық көмекке қатысты заңды да мақұлдады. Мәселен, тараптардың құзыретті органдарына куәгер, жәбірленуші мен сарапшылар келе алады. Сондай-ақ қос ел ұсталғандарды тінту, мүлікті тәркілеу рәсімдеріне жәрдемдеседі.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін мақұлданған заңдар екі елдің құқық саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейді. Келісімдердің ережелері ұстап берудің рәсімдері мен құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді. Алдағы уақытта аталған заңдар екі елдің қылмысқа қарсы күрес жолындағы бірлескен қызметінің тиімділігін арттырады деп сенеміз.