Алматыдағы Алатау дәстүрлі өнер театрында 800 млн теңгеге сатып алған сахналық киім бір-ақ рет киілген. Өйткені сапасы сай емес, киюге ыңғайсыз. Депутат Ринат Зайытов Мәжілістің комитет отырысында театр саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Ол әр театрдың өз киім цехы болуы керек деп есептейді. Көптеген өнер ордасында тіпті, жиһаз сатып алуға мүмкіндік жоқ. Ал бұл қойылымның сапасына кері әсер етеді. Сондай-ақ қаржыландыру жеткіліксіз. "Ақшаны бөлуде әділетсіздік байқалады»,- дейді мәжілісмен.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры бір қойылымға ары кетсе 10 млн теңге деп алайық, ал Астана балет театрындағы "От қыз" деген балетіне республикалық бюджеттен 309 млн теңге бөлінген. Бұл қандай әділеттілік болуы мүмкін?