$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Түркістанда мереке қарсаңында өндірісте еңбек ететін әйелдер қошеметке бөленді

Түркістанда мереке қарсаңында өндірісте еңбек ететін әйелдер қошеметке бөленді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өндірістік салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. Мемлекет басшысының Жарлығымен белгілеген Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, партияның өңірлік филиалының Әйелдер қанаты Кентау қаласындағы №5 Жылу энергоорталығында «Өндірістегі әйел – ел құрметіне ие» мерекелік іс-шарасын өткізіп, стратегиялық маңызы бар кәсіпорында жұмыс істейтін арулар қошеметке бөленді. Кеншілер шаһарын жылумен қамтуда уақытпен санаспай, күндіз-түні тер төгіп жүрген жандардың үштен бір бөлігі -нәзік жандылар. Салтанатты жиында партия өкілдері жұмысшы қыз-келіншектерге деген ыстық ілтипатын білдірді. Ән мен жырдан шашу шашылып, мың  бұралған бишілер жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ФАТИМА ТӨЛЕПОВА, ЖҰМЫСШЫ:

Көңіліміз марқайып, өте қуаныштамыз. Алғысымыз шексіз. Бізді елеп, келіп құрметтегендеріңізге алғысымыз шексіз.  


ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «АМАNAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күлдің шаңына қарамастан, түтінге қарамастан, беттері күйе-күйе болып істеп жүрген қыз-келіншектердің отбасына амандық тілейміз.  Енді біз әк зауыты бар  Түлкібаста, соны жоспарлап отырмыз. Көптеген мекемелер бар ғой. Облыстағы ең көп ірі мекеме, әйелдер көп жұмыс істейтін осы  жерлерге келіп отырмыз. Енді бұл басы ғана.