Қазақ қыздары қайсарлығымен, батылдығымен қашан да ерекше. Олар қай салада болмасын ер азаматтармен иық тіресе жұмыс істеп жүр. Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 37-ші мекемеде 5 ару қызмет атқарады. Соның бірі – Саягүл Кенжеғұлова. Ол істі болған азаматтардың жұмыспен қамтылуын, жұмыс барысындағы тәртібін қадағалайды. 9 жылдан бері салада абыройлы еңбек етуде. Отбасында сүйікті жар, инабатты келін, қос бүрдіршініне қамқор ана. Қызметі мен әйелдік міндетін үйлестіре білген Саягүл түзету мекемесінде жұмыс істеудің өзіндік қиындығы барын да айтады.
САЯГҮЛ КЕНЖЕҒҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ №37 МЕКЕМЕНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Мінез жұмсақ кез де керек, мінез қатты кез де керек. Адамдардың әрқайсысыз шыныменде кейбіреуіне Сіздің жылығыңыз керек болады. Қанша дегенмен арнайы контингентпен жұмыс жасаймыз. Олардың ішке келгеннен кейін психологиясында өзгерістер болады. Ол адамдармен жұмыс істеу сырттағы адамдармен жұмыс істегенге қарағанда өте қиын деп айта аламын.
Жадыра Арыстанова да сотты болғандармен тікелей жұмыс істейді. Жазасын өтеп, жаңа өмір бастауға ниетті азаматтардың ортаға бейімделуіне жәрдем береді. Өз ісіне тиянақты әрі жауапкершілікпен қарайтын ару арнайы киім киіп, қатаң тәртіпке бағынудың өзіне еш қиындық тудырмайтынын айтады. Күндіз-түні қатардан табылуды талап ететін салаға келгеніне өкінбейді.
ЖАДЫРА АРЫСТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ №37 МЕКЕМЕНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Талапты және тәртіпті талап етеміз ол кісілерден. Біз тәрбиелік жұмыстар жүргіземіз. Бізден ешқандай да қиыншылық тудырмайды. Әйел адам ер кісілермен иық тіресіп жұмыс істеген соң әйел кісілер де сол кісілер сияқты мықты, батыл болу керек деп ойлаймын.