$495.95 €535.28 ₽5.54
×

Ісмер қариялар оқушыларға тігіншілік өнері бойынша шеберлік сабағын өткізді

06.03.2025ж. 20:00
35
Ісмер қариялар оқушыларға тігіншілік өнері бойынша шеберлік сабағын өткізді

Елордада «80+ Әжелер» клубы бар. Оған жасы сексеннен асқан 10 кейуана мүше. Клуб мүшелері бүгін  жастарға тігіншілік өнер бойынша шеберлік сабағын өткізді. Ісмер қариялар қыздарға қабырға, торлау, жарлау сынды тігіс түрлерін үйретті. Сондай-ақ оюдан 10 минутта тұтас бұйым жасаудың қыр сырымен таныстырды. Қазір клубта сексеннен асқан 10 шақты әже бар. Олар ұлттық шапандар мен кимешектерді, балаларға арналған қамзолдар, сөмкелер, белдемше және сәнді орамалдар, құрақ жастықтарды, панно бұйымдарын қолдан жасайды. Жас қыздарға  ұлттық өнерді дәріптеп, аманат етіп қалдыру біздің басты парызымыз дейді – кейуаналар. Алдағы уақытта олар қала мектептерінде шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

БАЛЫМ ӨМІРЗАҚОВА, «80+ ӘЖЕЛЕР» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ол кісілер қазір өздерінің өмір тәжірбиесіндегі, жұмысындағы тәжірбиесін қосып, қазір енді соны балаларға үйретіп жатыр. Тоқыма тоқиды, тақыр кілем деген бар бізде соны тоқиды бізде. Біздің Байқоңыр ауданымызда мектепппен жұмыс жасаймыз жетім балаларға арналған.