$495.95 €535.28 ₽5.54
×

Алматыдағы Индустриялық аймақта 2023-2027 жылдары іске асырылатын жаңа жобалар таныстырылды

AstanaTV
06.03.2025ж. 20:00
73
Алматыдағы Индустриялық аймақта 2023-2027 жылдары іске асырылатын жаңа жобалар таныстырылды

Алматыдағы Индустриялық аймақта 2023-2027 жылдары іске асырылатын жаңа жобалар таныстырылды. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын құру, мардымды еңбекақы, әлеуметтік қорғау мәселелеріне басымдық беріп келеді. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында 12,35 млрд теңге сомасына 5 ірі жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 341 жаңа кәсіпорын ашылған. 9 мыңнан аса жұмыс орны құрылып, 60 жеке жоба іске қосылады деп күтілуде.

СТАНИСЛАВ КАНКУРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бүгін Алматы қаласының индустриялық аймағында ашылған нысандарды аралап шықтық. Өткен жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 58,7 мың жұмыс орны ашылды. Индустриялық аймақта 15 жаңа жоба іске қосылып, 1,7 мың жұмыс орны құрылды. Мұндай бастамалар қала экономикасын нығайтып, әртүрлі өнеркәсіп салаларында қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.


Ең алдымен, кабельді-өткізгіш өнімдерін шығаратын нысанға мониторинг жүргізілді. Мұнда айына 120 тонна мыс өндіріледі. Оның 10 пайызы Тәжікстан, Қырғызстан сынды көрші мемлекеттерге экспортталады.  

МӘДИ МҰҚАНҰЛЫ, «HARMONY CABLE» ЖШС КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Кабель 90 процент мыстан тұрады. Мыс бізде өте көп шығады Қазақстанда, бірақ біз кабельдерді көп экспорт жасамаймыз.  Соған байланысты біз ұсыныстарымызды айттық. Тағы да скидка берсе мысқа, біз Еуропаға экспорт жасағымыз келеді басқа да мемлекеттерге. Өйткені біздің мысты Турциядан алады да, переработка жасап Еуропаға сатады, бізідң көп Қазақстанның мысы қазір Турцияға кетіп жатыр. Соны біз өзіміз осы Қазақстанда жасасақ деген ниеттеміз.