$495.95 €535.28 ₽5.54
×

Рудныйда көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің түлектеріне баспана берілді

06.03.2025ж. 20:00
74
Рудныйда көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің түлектеріне баспана берілді

Көптен күткен қоныс той. Рудныйда көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің түлектеріне баспана берілді.Сан жылдар бойы пәтер кезегінде  тұрған көпшіліктің  қуанышында шек жоқ. 120 отбасы үйлі болды.

Кеншілер қаласында кейінгі  30 жылда алғаш рет кезекте тұрған отбасыларға баспана бұйырды. “Ayat” және “Tobyl” деген атау берілген алты қабатты  тұрғын үй кешеніне көп балалы отбасылар мен балалар үйінің түлектері, сырттан көшіп келген қандастар қоныстанды.

МАХАМБЕТҚАЛИ ҚАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзбекстаннан  көшіп келгем 2011 жылы. Очередке тұрып көпбалалы отбасы есебінде кемпірімнің атына осы үйді алып жатырмыз. 3 бөлмелі.Іші толған жан болсын.Сырты толған мал болсын.


Қаладағы қарқынды құрылыстың арқасында  үй кезегінде тұрған көп балалы аналар баспаналы болып жатыр. Бұл жолы оларға 80 пәтер берілді. Осы күнге дейін пәтер жалдап жалыққан Шолпан Құлпейісованың қуанышында шек жоқ. Оған 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

ШОЛПАН ҚҰЛПЕЙІСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

5 балам бар.3 жыл болды осы кезекте тұрғаныма.Өте қуаныштымыз.Енді осы екі-үш жылдың ішінде өте көп кісілер үй алды.Көп үй көтерілді.


Кейінгі екі жылда кеншілер мекенінде  11 көп қабатты тұрғын үй қалыпқа келтіріліп, 900 пәтер халық игілігіне  берілген. Үйлер жоғары сапалы құрылыс материалдарынан салынған. Жылу, су, электрқуаты еуропалық құрылғылармен жабдықталған.Терезелері кең, кірпіш сапалы.
 
НҰРАЛХАН ҚҰЛШЫҚОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Осы Рудный қаласында бір жарым жыл жұмыс жасадық.Соның ішінде реконструкция бар.Жаңадан салынған 5 үй бар.Сонымен алдағы уақытта салынайын деп жатқан жалпы көлемде 12 жер бар.7 үйіміз бар. Салынып жатқан, іргетасы құйылып жатқан үйлер бар.


Мереке қарсаңында үйлі боп жатқан жандар шексіз алғысын жаудырды.Жергілікті билікке дән разы.  Көп жыл кезекте тұрып, жалдамалы пәтер паналаған көпшілік көктемнің шуақты күні жаңа қоныстың табалдырығын аттап, шашуын шашып шаттанып жатыр.