«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы өтті. Қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері атсалысқан акцияға жалпы 40-қа жуық азамат қатысты. Бүгінгі тазалық шарасы Қаратау ауданы, Нұрсат тұрғын алабында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында жалғасын тапты. Акцияға қатысушылар балалар алаңдары жаяу жүргінші жолдарын қардан тазартып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасады. Мұндай шара әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өтіп келеді. Бір жылға жуық уақыт ішінде оған 3,7 мыңға жуық адам қатысып, 45 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылған.
ГҮЛЗАТ ӨМІРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Бұл шараның басты мақсаты - қаламыздың тұрғындарын және бүкіл Қазақстан республикасының азамат тұрғындарын қаланы таза ұстау , экологиялық тазалық санасын қалыптастыру және аулаларын абаттандыру. Таза ауа өзімізге жақсы денсаулықты қалыптастыратынтығын саналарына сіңіру болып табылады.