Қарағанды
облысында тұрғындардың жұмысқа орналасуы қиындап кеткен. Өңірде жыл басынан
бері еңбек дауы көбейген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық
филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшылары есептік брифингте мәлімдеді.
Партиядан көмек сұрағандардың 25 пайызы аталған мәселелерді шешуді сұрапты.
Қарағандылықтар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен инфрақұрылымның
нашарлығына да шағымданған. Олар ойық-шұрық жолдарды жөндеп, тасқыннан зардап
шеккен үйлерді қалпына келтіруді талап еткен. Қоғамдық қабылдау бөлімі
өтініштерді жедел қарау үшін Ұлттық банктың облыстық филиалымен, аймақтық Кәсіподақ
орталығымен, Азаматтық альянс, Адвокаттар коллегиясымен, жергілікті
монополистермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Сондай-ақ,
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға ескертулер мен ұсыныс хаттар
жолданған. Нәтижесінде азаматтардан түскен шағымдардың 70 пайызы қаралған.
Бейбіт Қуанышев, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:
Ағымдағы
жылдың 5 айында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық
қабылдау бөлімдеріне 2 927 азаматтардан шағымдар түсті. 777, яғни 26 жарым
пайызы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, оң шешімін тапты.