$538.2 €629.64 ₽6.34
×

Мереке күндері шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жабылады

AstanaTV
07.03.2025ж. 11:09
Мереке күндері шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жабылады

Мереке күндері шекарадағы автомобиль өткізу пункттері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасында 2025 жылғы 8 наурыз күні «Халықаралық әйелдер» және 21-23 наурыз аралығы «Наурыз мейрамын» мерекелеуге байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген арнайы хабарламада.