Атырау облысында "Ембімұнайгазға" (ЕМГ) қарасты Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасы өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өртке оранған жер Атырау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 170 км жерде орналасқан. Ұңғымадағы өрттен шыққан алау шамамен 20 метрге дейін көтерілген. Зардап шеккендер жоқ.
Қарағандыда Масленица мерекесі кезінде алаңдағы қуыршақты өртеген әйелге айыппұл салынды
Қарағандыда жасөспірім қатарласына сіріңке лақтырып, өртеп жібермек болған
Ембімұнайгаз жедел штабы шұғыл шаралар қабылдады. Ұңғыманың айналасы қоршауға алынып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.