$503.42 €542.08 ₽6
×

ШҚО-дағы тасжолдардың бірі ертеңге дейін жабық болады

AstanaTV
07.03.2025ж. 15:49
152
ШҚО-дағы тасжолдардың бірі ертеңге дейін жабық болады
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданындағы тасжолдардың бірінде қар көшкіні жүру қаупі артты.

— Соған байланысты жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында 8 наурыз сағат 08.00-ге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Көлік жүргізушілерін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Осыған дейін өңір құтқарушылары таулы жерлерде қар көшкіні түсуі қаупі жоғары екендігін ескерткен. Бұған күннің күрт жылытып, қардың жылдам ери бастауы себеп болып отыр.