$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Оңтүстік Корея президенті қамаудан босатылды

AstanaTV
07.03.2025ж. 16:10
231
Оңтүстік Корея президенті қамаудан босатылды
Фото: baq.kz

Оңтүстік Кореяның соты қызметінен шеттетілген президент Юн Сок Ёльді қамаудан босату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Yonhap басылымына сілтеме жасап.

15 қаңтарда тергеушілер Юн Сок Ёльді 3 желтоқсандағы әскери төңкеріс жариялауына байланысты бүлікке шақырды деген айыппен қамауға алған еді.

Сеулдің орталық аудандық соты бұл шешімді президенттің адвокаттары 26 қаңтарда тағылған айыптың заңсыз екенін дәлелдегеннен кейін қабылдады. Себебі айып қамауда ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін бір күн өткен соң тағылған.