$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Жылулық сыйлаған жандар

Жылулық сыйлаған жандар

Ал Түркістан облысы Кентау қаласындағы №5 Жылу энергоорталығында жұмыс істейтін қыз-келіншектер бірі кран айдаса, бірі көмірді қазандыққа сұрыптап жіберуге жауапты. Шаһардың жылуына жауапты жандармен әріптесім тілдесті.

Кентау қаласының 57 жастағы тұрғыны Орынгүл Ілиясова 2007 жылдан бері жылу орталығында істейді. Кран айдайды. Қиындығы мен қаупі жоғары мамандықты 18 жасынан игерген. Оқу комбинатында 3 айлық білім алған. Бастапқыда кеншілер шаһарындағы кен орындарының бірінде кран жүргізген. Ол жабылғасын жылу орталығына ауысқанын айтады.

Үш баланың анасы биіктікте жүретін бұл мамандықты  бекер таңдамадым дейді.  
 
ОРЫНГҮЛ ІЛИЯСОВА, КРАН ЖҮРГІЗУШІ:

Қалаған мамандығым. Өзімнің ұнаған мамандығым осы-кран. Биікте жүру, летчик болып. Негізінде ұшқыш болғым келген иә, стюардесса. Негізі бала кезімде стюардесса болғым келген. Сол мамандықты таңдаған едім. Бірақ үйде әке-шешем жібермей қойды, үйдің үлкені болған соң. Сонымен кранды таңдадық қой, аспанда ұшпасақ та жерде ұшайық деп. Биікте жүрейік деп.    


Орынгүл Ілиясова мұнда өздерінің екі ауысымда жұмыс істейтін айтады. Айтуынша, кран айдайтын өзге де қыз-келіншектер бар. Алды зейнеткерлікке шығып үлгеріпті. Өзі де сүйікті кәсібін зейнет жасына дейін жалғастырғысы бар. Жылу орталығындағы оның міндеті - көмірді бункерге салу. Краншы жөнелткен қатты отын қазандыққа қарай лентамен барады. Ал жол жақта көмірді Бірсұлу Қалжанова  сұрыптап, бақылап тұрады. Ол –лента машинисі. Жерде тұратын маман бірақ. Көмір арасында кеткен тастарды біртіндеп тазалап тұру негізгі міндетім дейді 60 жастағы ана. Ол дәл осы жұмысты 18 жылдан бері істеп келеді. Шаң-тозаңның ортасы. Өзіндік қиындығы барына қарамастан басқа бөлімге ауысқысы жоқ.  

БІРСҰЛУ ҚАЛЖАНОВА, ЛЕНТА МАШИНИСІ:

Менің жауапкершілігім аноу маторлардың бәріне қарайм ғой мен. Оборудованиенің бәріне қарап тұрам. Ленталарға қараймын. Үзіліп кетеді, басқа қылады, соның бәріне қарап тұрамыз ғой біз. Сол үзілсе мынаның бәрі шашылады, басқа қылады. Соның бәріне қарап тұрамыз біз. –ауыр ма? –ауыр, әрине.


Шаң-тозаңның ортасы. Суық. Жан -жағымыздан уілдейді. Сол, ауыр жұмысымыз. Ер кісілердің жұмысы ғой... сонда да істеп жатырмыз, бала-шаға асырау керек.

Әу баста ақылы бөлімге оқуға түскен үлкен қызын оқыту үшін осында жұмысқа тұрғанын жасырмайды. Айтуынша, жұмыссыз ретінде кезінде осы мамандықты оқып алыпты. Бұйыртса биыл зейнеткерлікке шықпақ.      

Кәсіпорында  жалпы 394 адам еңбек етеді.  Соның 86-сы әйел адам. Нәзік жандылардың басым бөлігі елуді еңсергендер дейді кәсіпорын өкілі. Жастар бүгінде мекемеге жұмысқа тым аз келетінін айтады басшылық. Оның үстіне жылу беру орталығы маусымдық жұмыс болуы да бұған бір себеп секілді.  

ӘШІРХАН ТӨЛЕУ «КЕНТАУ СЕРВИС» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Жастар көбірек келсе дейміз жұмысқа. Жұмыс орындары бар. Келген адамдарды жұмысқа қабылдаймыз. Негізінен машинист крана, машинист турбины, машинист котельный. Хим.цехта лабороторияды қыздарға жұмыс бар. Өте көп жұмыс орындары бар қыз балаларға. Сол себептен қыз балаларға жұмысқа шақырамыз. Келсін. Әйел адамдарға мүмкіншілік бізде жеңіл жұмыстарды береміз ол кісілерге көбінесе әйел адамдарға. Өздері атқара алатын, істей алатын жұмыстарды береміз.


Жылу орталығы бүкіл Кентау қаласындағы 349 көпқабатты үйді, жүзден астам бюджеттік мекеме мен коммерциялық ынсандарды жылумен қамтамасыз етеді. Оған көмірдің ортасында , шаң-тозаңға қарамастан еңбек етіп  жүрген әйелдердің үлесі де зор. Бір сөзбен айтқанда арулар отбасын ғана емес, нәзік жүректерімен бүкіл қала жұртшылығын жылытып жүр.