$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Сауда қызып, гүл сатушылар үлгермей жатыр

AstanaTV
07.03.2025ж. 20:00
620
Сауда қызып, гүл сатушылар үлгермей жатыр

Мереке жақындағанда гүлдердің саудасы қызды. Флористер күні-түні тапсырыс қабылдап, ұйқы көрмей жүр. Шық бермес Шығайғайбай жігіттерге дейін мейрамда жақындарын қуантуға тырысады. Жалпы қандай гүл таңдаған дұрыс? Қайсына тапсырыс көп? Тілішіміз гүл дүкендерін аралап көрді.

"Гүл сыйлама, солып қалады." Арулар мейрамында жарына гүл алып жүрген Серік Мамыров бұл сөзбен келіспейді. "Гүл мен әйел бір-бірімен үйлесім тапқанда ерекше құлпырады" дейді.

СЕРІК МАМЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жыл сайын әйелімді гүлмен қуантам. Жалпы әйелдер қауымын, қыздарды мерекелерімен құттықтап, әрқашан көңілдері шат, дендері сау болып, еңбектері жемісті болып, жетістікке жете берсін!


Себеппен де, себепсіз де гүл алған қыздың бәріне ұнайды. Мансума Агаева осы арқылы әйелдің өзіне деген махаббаты артып, көңіл күйі ерекше көтерілетінін айтты.

МАНСУМА АГАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Маған тюльпан, барлық гүлдер ұнайды. Ну әйелдерге барлық гүл берген ұнайды ғой. Вообще приятно, үйде настроение болып жүреді адамдар.


Мейрамға орай ең жоғары сұраныста көктемнің сәні - түрлі-түсті қызғалдақтар. Негізінен Нидерландтан келеді. Флористер дүкенге келушілер мен үйіне тапсырыс берушілер көбейіп кететіндіктен тыным таппайды. Тіпті сататын гүл таусылып қалып жатыр.

ЗАФАР АГАЕВ, ФЛОРИСТ:

Қазір март қой, тюльпандардың сезоны басталды. Уже бітіп қалып жатыр тюльпандар, складта қалғанын алып келем, ертең уже 8 наурыз. Доставка сұрап жатыр көбісі, мен өзім қазір успевать қылмай жатырмын сол. Тюльпандар 600-ден 800 теңге арасы. Растовкасы 80 см, 90.


Былтыр елімізге шетелден 93 млн 500 мың долларға гүл әкелінген. Хош иісті өсімдіктер 53 елден жеткізіліпті. Көш басында Эквадор, Нидерланд, Қытай, Колумбия мен Кения тұр. Ал Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.

Қызғалдақ, хризантема, роза немесе гортензия. Мерекеде жақындарыңыз бен сүйгеніңізге қандай гүл сыйлаймын десеңіз де жарасады. Ең бастысы ол сіз үшін шығын боп көрінгенімен, нәзік жандылар үшін өзіне деген махаббаттың артуы және ерекше қуаныш екенін ұмытпаңыз.