Атыраулық ерлі-зайыпты арулар мерекесі қарсаңында 30 мыңға жуық қызғалдақ өсірді. Көктемнің басты символы саналатын сан түрлі қызғалдақ жылыжайда жайқалып тұр. Олар алғаш рет үй жанындағы көлікжайға бес мың түбін егіп көрген. Жерсініп кеткен соң, мемлекеттік гранттан 1 миллион 200 мың теңге ұтып алып, 11 мың түп голландиялық қызғалдақ пияшығын сатып алады. Осылайша көрсе көз тоятын әсемдікке толы бизнесті дөңгелеткен отбасы нарықтағы гүлден арзан бағаға сатып отыр. Бағбандар болашақта бес тонна құлпынай мен екі мыңға жуық пиона гүлін өсіруді жоспарлап қойған.
ӘСЕМГҮЛ САПАРОВА, КӘСІПКЕР:
Бұл кәсіпті бастау - жолдасымның идеясы. Ол жыл сайын анасына,жеңгесіне, қыздарға көптеген гүлдер сыйлайтын. Сол үшін басқа жақтан алып келген қызғалдақтарды көріп, оған тұрған кезек көп болады. Неге осы осы қызғалдақтарды өзімізде өсірмеске деген идея келді. Болашақта жоспарларымыз өте көп. Өзіміздің жақындарымызды үкіметтің қолдауымн махамбет ауданы, жалғансай ауылынан бізге дер бөлініп, біз пиона және құлпынай дәндерін егіп қойдық.+Барша әйелдер қауымын халықапалық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.