Биыл құны 920 млрд теңге болатын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді. Сондай-ақ, 21 нысан саудаға шығарылып, 155 нысан сатылымға дейінгі дайындықта. Бұл туралы экономиканы ырықтандыру және жекешелендіру мәселелері бойынша кеңесте айтылды. Жиында мемлекеттік мүліктерді сату қағидаларына өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда заңда нысандарды тек аукциондар арқылы сату көзделген. Бұдан бөлек, жер беру тетігінің ашықтығы да қарастырылды. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр экономиканы ырықтандыру, оның ішінде қамтылатын салаларды кеңейту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.