Жастар үшін кәсіптік бағдар беру шаралары жалғасуда. Алматы облысында кезекті өндірістік экскурсияда студенттер мен жұмыс іздеп жүрген жастар технологиялық процестермен танысып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар, 8 наурыз мерекесіне орай өндірісте еңбек ететін әйелдер марапатталды.Қатысушылар өндіріс орындарын аралап, жұмыстың қалай жүретінін өз көздерімен көрді. Тәжірибелі мамандар оларға технологиялық процестер туралы айтып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары мен еңбек мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
ДИДАРБЕК ДІЛДӘБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бір толқында деген -ол диалогтық алаңдар. Бірақ осы диалогтық алаңдарды осындай заводтарда жаңағы студенттерімізге жастарымызға болмаса жұмыс іздеп жүрген жастарға толыққанды қызық болатын етіп көрсетіп және де қазіргі таңда бұрынғыдай емес. Дамыған заман екендігін көрсету мақсатында жүрміз. Өйткені жаңа зауыттар аралау барысында бәріміздің көзіміз жетіп жатыр. Барлығы работтардың жұмысымен іске асып келе жатыр. Қолдың жұмысы өте аз.