$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Ұлттық құрылтай мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды

07.03.2025ж. 20:00
455
Ұлттық құрылтай мүшелері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың бірқатар мүшесін құттықтап, мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың қатарында Астана телеарнасының тілшісі Кристина Гринько да бар. Ерлан Қарин мемлекет тарапынан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша мақсатты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда әйелдердің қоғамдық қызметте, мемлекеттік басқаруда, экономика және бизнес саласында өздерін көрсетуге барлық институционалдық және құқықтық жағдайлар жасалған.