$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті

AstanaTV
07.03.2025ж. 21:31
421
Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті
Фото: видеодан скрин

Жаңаөзенде орталық мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өрт кешкі алты шамасында мешіттің жаңадан салынып жатқан кіреберісінен шыққан.

Өрттен 12 жастағы бала зардап шекті. Жеткіншек дереу ауруханаға жеткізілген. 

Дәрігерлердің мәліметінше, баланың денесінің 17%-ын күйік шалған. Беті, құлағы, жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап, беліне дейін от шарпыған. Қазір жағдайы тұрақты.

40 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толықтай сөндірілді.