$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Астанада ер адам косметика және парфюмерия дүкенінен иіс суды ұрлап кетті

AstanaTV
08.03.2025ж. 08:25
172
Астанада ер адам косметика және парфюмерия дүкенінен иіс суды ұрлап кетті
Фото: polisia.kz

Елордалық полицейлер косметика және парфюмерия дүкенінен иіс су ұрлаған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда орталығының өкілі полицияға жүгініп, ұрлық туралы арыз қалдырған. Белгілі болғандай, күдікті витринадағы тауарды қарап, сатушының аңғармауын пайдаланып, әтір құтыны иемденіп, дүкеннен жасырынып шығып кеткен.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 48 жастағы ер адамды күдікті ретінде құрықтады.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді, сонымен қатар елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертті. Сауда үй-жайларын тиісінше бейнебақылау камераларымен және күзет дабылдарымен жабдықтауға кеңес берді.