$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Әзербайжанда ер адам абайсызда өз әкесін өлтіріп алған

AstanaTV
08.03.2025ж. 10:06
222
Әзербайжанда ер адам абайсызда өз әкесін өлтіріп алған
Фото: turkystan.kz
Тезекенд ауылында 30 жастағы Эйваз Багырлы өз үйінде абайсызда қарудан оқ атып қалған. Оқ оның әкесі Игбал Багыровқа тиген, деп хабарлады turkystan.kz.

Салдарынан И.Багыров ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол қайтыс болды.

Эйваз Багырлы ұсталып, одан құжатсыз, нөмірі өшірілген ИЖ-58 маркалы аңшы мылтығы алынды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.