$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады

AstanaTV
08.03.2025ж. 16:18
185
Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 25 ақпанда болған. Бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде үйінің жанында бірнеше қаңғыбас ит тап беріп, талап тастай жаздаған.

Қансыраған баланы шұғыл түрде орталық аудандық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер басының самай тұсынан, маңдайынан, екі беті мен мұрнынан көп жарақат алғанын анықтады.

«Бала ауруханаға түскен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жаралары өңделіп, антибиотиктер тағайындалды. Психолог пен офтальмолог кеңес берді. Бүгін ол үйіне шығарылды. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық», — деді Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.