Ақтау полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында екі ер адам мен олардың сыбайласын есірткімен ұстады. Тінту кезінде олардан синтетикалық есірткі салынған бес полиэтилен пакеті тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есірткінің жалпы салмағы бір келіден асады, бұл шамамен 6 000 бір реттік дозаға тең.
"Кейінірек жалдамалы пәтерді тінту кезінде есірткі жасауға көмектескен әйел ұсталды. Бөлмеде тағы төрт "синтетикалық" целлофан пакеті табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ақтау полиция басқармасының баспасөз қызметі.