$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Атырау облысында газ шығатын кен орны бірнеше тәулік өртенді

AstanaTV
08.03.2025ж. 23:41
156
Атырау облысында газ шығатын кен орны бірнеше тәулік өртенді

Атырау облысында жарылыс болып, артынша өртке оранған кен орны екі тәуліктен кейін барып сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазМұнайГаз» мәліметінше, 2025 жылғы 8 наурыз күні сағат 16:40-та «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Прорва кен орнындағы №437 ұңғымада газ шығуы толықтай тоқтатылды. Ұңғыма тығындалды, «Ақ Берен» ЖШС әскери авариялық-құтқару қызметінің көмегімен ұңғыманың сағасына әмбебап гидравликалық превентор қойылды.

«2025 жылдың 6 наурызында Батыс Прорва кен орнындағы консервацияда тұрған №437 ұңғымада перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіру кезінде газ шығуы орын алды.

Осыған қатысты «Ембімұнайгаз» АҚ жедел штабы құрылып, «Ақ Берен» ЖШС ӘАҚҚ, «Семсер - Өрт сөндіруші» ЖШС, «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет құрылымдары тартылды», - делінген «ҚазМұнайГаз» хабарламасында.