ШҚО-да мектепте төбелес болып, желіде видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде таралған мәліметке сүйенсек, оқиға Герасимовка ауылында болған. Жасөспірімдер жасы кіші оқушыларды жүйелі түрде соққыға жығып, қысым жасап келген. Айтқанын орындамаған жағдайда келеңсіз жағадайларға ұшырап тұрған.
Оқушылардың бірінің анасы облыстық прокуратураға арыз түсірген.
Өз кезегінде облыстық Полиция департаменті бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болғанын, оларға қатысты профилактикалық жұмыс жүргізілгенін хабарлады.