$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Петропавлда ер адам көшедегі адамдарды қарумен қорқытқан

AstanaTV
09.03.2025ж. 11:43
177
Петропавлда ер адам көшедегі адамдарды қарумен қорқытқан
Фото: Ұлттық ұлан

Петропавлда Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан офицері көшеде адамдарға қару кезеген бұзақыны ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әскери қызметкер қолына қару ұстаған бұзақыны кездейсоқ көріп қалған.

“Әскери қызметкер туыстарының үйінен келе жатып аулада қолында қаруға ұқсас заты бар мас адамды көріп қалған. Қолындағы қаруды көшедегі өткен-кеткен адамдарға кезеген. Ол дереу бұзақыға қарай беттеген”, – деп мәлімдеді Ұлттық ұлан.

Капитан қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолданып, полиция келгенше ер адамды тапжылтпай ұстап тұрған. Кейін бұзақыны ішкі істер қызметкерлеріне тапсырған.