$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Көпшілікке танымал әнші жол апатына ұшырады

AstanaTV
09.03.2025ж. 13:52
154
Көпшілікке танымал әнші жол апатына ұшырады
Фото: әлеуметтік желі

2025 жылдың наурыз айында танымал әнші Кеңес Әлімжан Таразға тойға бара жатқан жолда апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдан көмекшісімен бірге шыққан өнер адамы көлікті өзі басқарып келе жатқан болатын. Оқиға Жамбыл облысы аумағында, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеде болған.

Белгілі ақпаратқа сәйкес, жол жөндеу жұмыстарына байланысты трассаның бір бағыты жабық болған. Кеңес Әлімжан басқарған көлікке қарсы бағыттан жолаушыларға толы «Alphard» маркалы көлік жоғары жылдамдықпен шығып кеткен. 

Апаттың алдын алу үшін әнші көлікті дереу жол жиегіне бұрып, нәтижесінде тас жолдың шетіне соғылған. Ал қарсы келе жатқан «Alphard» көлігі тоқтамай, оқиға орнынан жылдамдықпен кетіп қалған. Әнші мен оның көмекшісі көліктің мемлекеттік нөмірін көріп үлгермеген.

Кеңес Әлімжан апат кезінде басынан қатты соққы алғанымен, бастысы – көлікте болған екі адам да аман қалған.