Күні кеше Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Қазақстандық екінші айналымда Нидерланды өкілі Сюзанна Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезекте Елена британдық Кэти Боултермен кездеседі.
Елена Рыбакина алдағы ойында да кортқа фаворит мәртебесінде шығады. Бірақ Кэти Боултер де осал қарсылас емес. 1/16 финалдық матч Қазақстан уақыты бойынша 2:00-ге жоспарланған.
2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапты.
2025 жылы ең көп жүлде жеңіп алған ТОП-6 теннисші:
1. Мэдисон Киз – $2 379 924
2. Ига Швентек – $1 560 061
3. Арина Соболенко – $1 456 805
4. Кори Гауфф – $1 373 731
5. Мирра Андреева – $1 098 920
6. Елена Рыбакина – $1 010 313
Елена Рыбакина кәсіби мансабында тек теннис турнирлерінен 16 745 303 АҚШ доллар табыс тапты,- деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.