АҚШ-тың 22 жастағы тиктокері әрі суретшісі Райли Мэдисон Ладнер 115 жыл бұрын салынған картинадан өзін көріп, аң-таң болған. Алайда суретте шын мәнінде ол емес, одан айнымайтын орыс суретшісі Зинаида Серебрякованың автопореті болып шыққан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Lenta.ru жазуынша, бойжеткен орыс суретшісінің мұндай автопортреті барынан басында мүлде хабарсыз болған. Десе де, америкалық тиктокердің орыс суретшісімен таңғаларлық ұқсастығын байқаған желі қолданушыларының бірі оған бұл туралы айтып, хабарлама жібереді.
Бастапқыда Ладнер бұл хабарламаға еш мән бермейді. Алайда дәл сондай сарындағы хабарламалар өзге желі қолданушыларынан келе бастағанда, бойжеткен Зинаида Серебрякованың 1909 жылы салынған "За туалетом. Автопортрет" атты картинасын іздеп тауып, таң болады.
"Бұл маған өте қорқынышты әрі жүйке жұқартарлық жағдай болып көрінді - мұндай ұқсастықты күтпедім. Өзім суретші болған соң өте қызық болып та көрінді. Картина жаңадан салынған сияқты көрінеді, туынды 100 жылдан астам уақыт бұрын салынғанын білгенде, қатты таңғалдым", - дейді ол.
Ладнердің күйеуі әйелінде дәл картинадағы киімге ұқсас киімі барына назар аударған. Ладнер алдағы уақытта орыс суретшісімен туыстық қарым-қатынасы бар-жоғын ДНҚ арқылы тексертіп көрмек.