АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі (HHS) өз қызметкерлеріне жұмыстан ерікті түрде шығу үшін 25 мың доллар өтемақы ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CBS News-ке сілтеме жасап.
Бұл бастама президент Дональд Трамп әкімшілігі жүзеге асырып жатқан мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып отыр.
Телеарна мәліметінше, ұсыныс 14 наурызға дейін жарамды, содан кейін өтемақы төлемдері тоқтатылады. Қазіргі уақытта аталған ведомствода 80 мыңнан астам адам жұмыс істейді.