Бүлік шығарды деп айыпталып, қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты. Корея прокуратурасы соттың президентті босату туралы шешіміне шағымданбайтын болып шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ренхап басылымының мәліметінше, Президентті тергеу изоляторынан босату туралы шешім 15 қаңтар күні сот оның бас бостандығынан айыру туралы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылдағаннан кейін, 27 сағаттан соң шығарылды.
Прокуратура бұл шешімге апелляциялық шағым түсіре алар еді, бірақ олай етпеді.
Президенттің адвокаты Сок Дон Хен Юн Сок Ёлді прокуратураның апелляциялық шағым түсіре алатынына байланысты мерзімінен бұрын босатылмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, прокуратураға апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндік беретін құқықтық механизм конституцияға қайшы деп танылды.