$494.84 €537.4 ₽5.58
×

Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
10.03.2025ж. 06:48
60
Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

Нью-Йорк билігі қала маңындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасап.

Лонг-Айлендте жаппай орман өрттері шығып, Нью-Йорк қаласының маңындағы Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопес сияқты атақты адамдар тұратын үйге қауіп төндірді.

Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул төтенше жағдай жариялап, жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін ескертті.

Мен ауаның сапасына алаңдаймын. Қою түтіннің үлкен қауіп төндіруі мүмкін, - деді Хочул CNN-ге.

АҚШ Ұлттық гвардиясы өртпен күресу үшін төрт Blackhawk тікұшағын жіберді. Нью-Йорк штатындағы кейбір жолдар өртке байланысты жабылып, тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз, бірақ жергілікті тұрғындар өрт көлік өртеніп кеткен апаттан кейін шығуы мүмкін деп отыр.